Тәрбиеленушілердің эмоционалдық әл-ауқатын, жан-жақты және тұтас дамуын қамтамасыз ететін, балаларға қызмет түрлерін және бірлескен іс-әрекет қатысушыларын таңдауға мүмкіндік беретін дамытушы ортаның құрылуы:
Әр топта тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай эмоционалдық және физикалық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың әрекет түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылды. Дамытушы ортаны құруда қойылатын жалпы талаптар: қауіпсіз, қолжетімді, әртүрлі, мазмұнды, көп атқарымды, өзгермелі, тартымды болуы басты назарда болды.
- Кіші «Айналайын» тобында:
Ұлттық құндылықтарға арналған жас ерекшеліктеріне сай бұрыш жасалды;
Танымдық түрлі ойыншықтар, «Сәбилер» конструктор жиыны, қарапайым қуыршақтар, ыдыс аяқтар, карусельдер, пирамидалар, машиналар, шелектер, доптар, қозғалмалы ойыншықтар бар;
Сюжетті-рөлді ойындар: Шаштараз, Дүкен, Дәрігер, Табиғат бұрышы бар;
Денсаулық бұрышында қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер;
Театрландырылған «Байтерек» терегі бар: онда театр-ширма, саусақ театр қуыршақтары, маскалар, мачалка театры орналасқан.
- Ортаңғы «Еркемай» тобында:
Мектепке дейінгі баланың 5 негізгі дағдысы бойынша безендіріп, заттық дамытушы ортаны жасақтадық. Заттық дамытушы орта балаға қолжетімді, бала жасы ескеріліп жасалды. Топтық жұмыс жүргізуге, жеке жұмыс жасауға ыңғайлы қолайлы орталарда балалар өздерін еркін сезінуде.
Дамытушы ойыншықтар: Қыздарға арналған арналған ыдыстар жиынтықтары, қуыршақтар, қуыршақтың кереуеті киім-кешектері, лего ойындар жиынтығы, құрастырмалы ойын жиынтықтары. Көліктер, балықтар, жануарлар, көкөністер мен жемістер, жол ережесі; пирамидалар; шағын модельдер, макеттер, карталар, модельдер, көкөніс пен жемістер муляждары.
Шығармашылық ортасы: құрастыруға арналған жинақтар,түрлі конструтор жиыны, түрлі пазлдар жиындары, үстел үсті ойындары, лото, домино, шашкалар, әртүрлі конструкторлар, текшелер, құрылыс материалдары.Боямақтар, клейлер, карандаштар, сурет дәптердері бар.
Шығармашылық ортасы: сурет салу, мүсіндеу, жапсыруға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындар, трафареттер, үлгі жұмыстар, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар.Құм терапиясына арнайы алынған үстелдер бар.
Театрландырылған ойындар: қуыршақ пердесі, театрға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, саусақ театр қуыршақтары, маскалар, кейіпкерлер костюмдері;
Балалар жас ерекшелігіне арнаы жасалған табиғат бұрышы, ұлттық бұрыш, кітап бұрыштары жыл бойы толықтырылуда.
- Ересек «Болашақ» тобы:
Ұлттық құндылықтарға негізделген ұлттық киіз үй жабдығымен жабдықталған бөлме бар. Онда сандық, көрпелер, асықтар, бестемше ойындары; ұлттық ойындар, ұлттық киімдер, кілем орналасқан. Балалардың дамуына арналған «Құрылыс шеберханасы», «Инженерлік зертхана», «Аспаздық шеберхана», «Зергерлік шеберхана», «Тігінші шеберханасы» танымдылық бұрыштары орналасқан. Тақырыпқа сәйкес, ойындармен, құралдармен жабдықталған.
Құрастыруға арналған үлкен лего ойын жиынтығы, дамытушы модульдер, суретті доминолар, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар бар.
Табиғат табиғат бұрышы бар, ауа райын бақылайтын құралдармен, гүлдермен толықтырылған.
«Өскенде мен кім болам» стендасы жасақталып, ол жерде сюжетті рольдік ойындар «Шаштараз». «Дүкен», «Полиция», «Дәрігер» ойындарымен, костюмдерімен, атрибуттарымен жабдықталған.
Денсаулық бұрышы: баскетбол, волейбол доптары, теннис ойыны жиыны, скакалкалар, кеглдер, доғалар, әдеттен тыс құралдар.
Кітап ортасы: «Мобильді кітапхана», «Кітаппен бірге, мәңгілік елге», Ертегі кітаптармен QR көмегімен танысуға болады.Үстел үсті ойындар бар.Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын толықтырып отырамыз.