Жүгіру жолы
Кіру
too_bobek_kids bobek.bobekjai
AA+
Зашаған кенті, Отаралы Бүркітов, 1
87078845241
87476980106
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Бөбек kids» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бөбек kids» жеке бөбекжайы

«Біз өнерлі отбасымыз» - отбасы күніне орай ұйымдастырылған шығармашылық кездесуіміз ерекше әсермен өтті!
Бала үшін ата-анасының қолдауы - үлкен күш. Ал баласының өнеріне бірге араласып, жанынан табылу - одан да қымбат! Шарамызға 5 отбасы қатысып, балалар өз өнерлерін ата-аналарымен бірге ортаға салды.
 Ең әсерлі сәттердің бірі - әкесі мен қызының әсем вальсі. Әке мен қыздың жарасымды биі көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. 
Алан анасымен бірге қызықты эксперимент көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Баланың қызығушылығын анасының бірге қолдап, тәжірибені бірге көрсетуі ерекше әсерлі болды.
Муслим анасы екеуі Тілдер мерекесіне орай өлең оқып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, анасы екеуі бірге пісірген дәмді әрі тәтті печеньелерін алып келіп, көпшілікке жылы ықыластарын білдірді. 
Әр отбасы - өзінше өнерлі, өзінше ерекше. Бірақ барлығын біріктірген бір нәрсе бар: баласына деген махаббат, қолдау және бірге өткізген бағалы уақыт. Шара соңында ата-аналар мен балалар бірге көңілді флешмоб билеп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі көтерді. Ал қатысушы отбасыларымыз дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. 
Бала үшін ең үлкен қолдау - оның жанында болып, қуанышын бірге бөлісу. Осындай әдемі сәттер көп болсын! Өнерлі отбасы - өнегелі отбасы!